Академиялық саясат пен Университеттің ар-намыс кодексіне арналған дәріс — ҚазҰУ

Академиялық саясат пен Университеттің ар-намыс кодексіне арналған дәріс

8 қыркүйек 2026
Академиялық саясат пен Университеттің ар-намыс кодексіне арналған дәріс

ҚазҰУ механика-математика факультетінің Болон үдірістер бойынша Студенттік бюро командасы 1-курс студенттеріне арнап академиялық саясат пен Университеттің ар-намыс кодексіне арналған дәріс өткізді. Кездесу басталмас бұрын барлық қатысушыларға негізгі ережелер жазылған шағын жадынамалар таратылды.
Ұйымдастырушылар оқу процесінің басты мәселелерін түсіндірді: GPA есептеу, балл қою жүйесі, сессия тапсыру тәртібі, жазғы семестр мен қайта оқу ережелері. Сонымен қатар академиялық адалдық ұстанымдарына, оқудан шығару жағдайларына және студенттік әдеп нормаларына — Конституцияны сақтау мен мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден бастап, университеттің мүлкіне ұқыпты қарау мен айналадағыларға сыйластық көрсетуге дейін ерекше тоқталды.
Іс-шара екі тілде өтті, баяндамашы ретінде Сәрсенбаева Нұршат пен Ділдәбек Жания сөз сөйледі. Кездесу соңында команда бірінші курс студенттерінің сұрақтарына жауап беріп, оқу процесі бойынша кеңес берді.

 

Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, PhD Ахметова Б.И.