ҚазҰУ-да NURER 2026 VIII Халықаралық конференциясы өтті
10 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Nuclear and Renewable Energy Resources (NURER 2026) VIII Халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияны ҚазҰУ-дың Физика-техникалық және Механика-математика факультеттері ұйымдастырып, ядролық энергетика, жаңартылатын энергия көздері, сутегі технологиялары, энергетикалық жүйелер және жасанды интеллект салаларындағы ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың елуден астам өкілін біріктірді.
Конференцияда ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Ибрагимов құттықтау сөз сөйледі.
Конференция жұмысына ядролық энергетика, жаңартылатын энергия көздері, сутегі технологиялары, энергетикалық жүйелер және жасанды интеллект салаларында қызмет атқаратын ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері, жетекші мамандар мен зерттеушілер қатысты.
Конференцияның ғылыми бағдарламасы төрт тақырыптық секцияны қамтыды:
— Advanced Fission Systems & Nuclear Reactor Technologies
— Hydrogen & Renewable Energy Technologies
— Nuclear Materials, Fuel Cycle & Fusion Energy
— AI, Energy Management & Sustainable Energy Systems
Конференция жұмысына ҚазҰУ-дың Физика-техникалық факультетінің, Механика-математика факультетінің және Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің өкілдері қатысты.
Механика-математика факультетінің деканы, профессор Мадина Мансурова “From Energy Data Lakes to Sovereign AI: Building an AI-Ready Data Space for Nuclear and Renewable Energy Systems” тақырыбында негізгі баяндама жасап, ядролық және жаңартылатын энергетика салаларында заманауи деректер инфрақұрылымын қалыптастыру және жасанды интеллектіні қолдану мәселелеріне тоқталды.
Конференция ғылыми нәтижелермен алмасу, перспективалы технологияларды талқылау, сондай-ақ ядролық және жаңартылатын энергетика, жасанды интеллект және тұрақты даму салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды ғылыми алаңға айналды.



#NURER2026 #KazNU #FarabiUniversity #NuclearEnergy #RenewableEnergy #ArtificialIntelligence #EnergySystems #SustainableEnergy #Science #InternationalConference
Басқа жаңалықтар