«Тазалық – ортақ міндет»: 8 студенттер үйінде сенбілік өтті
5 қыркүйек күні 8 студенттер үйінде «Тазалық – ортақ міндет» тақырыбында сенбілік өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және ортақ кеңістікті таза ұстаудың маңызын насихаттау.
Сенбілік барысында студенттер 8 студенттер үйінің аумағын ретке келтіріп, ортақ пайдаланылатын орындар мен оған іргелес аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Студенттер ұйымдасқан түрде жұмыс істеп, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында білім алушылар ұйымшылдық, жауапкершілік және белсенділік танытты. Мұндай бастамалар студенттердің ортақ іске деген жауапкершілігін арттырып, өзара ынтымақтастық пен еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Тазалық – әр адамның жеке жауапкершілігінен басталып, ортақ міндетке айналады. 8 студенттер үйінде өткен сенбілік студенттердің таза әрі жайлы орта қалыптастыруға қосқан үлесі болды.
Басқа жаңалықтар