«Рухани құндылықтар – өмір негізі» танымдық сағаты — ҚазҰУ

«Рухани құндылықтар – өмір негізі» танымдық сағаты

18 қыркүйек 2026
«Рухани құндылықтар – өмір негізі» танымдық сағаты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің *ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында* тыңдаушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған *«Рухани құндылықтар – өмір негізі»* атты танымдық сағаты өтті.

Іс-шара барысында адам өміріндегі рухани құндылықтардың маңызы, ұлттық тәрбие, адамгершілік, сыйластық, жауапкершілік, мейірімділік пен отансүйгіштік туралы ой-пікірлер ортаға салынды.

Танымдық сағаты тыңдаушылардың өзара пікір алмасып, өмірлік құндылықтар жөнінде ой бөлісуіне және ұлттық рухани мұраның маңызын терең түсінуіне мүмкіндік берді.

Рухани құндылық – тұлғаның берік негізі, ал адамгершілік – қоғамның басты байлығы!