Факультетте «Жас Ғалым» конкурсына өтінім дайындау бойынша семинар өтті
2026 жылғы 18 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде жас ғалымдарға арналған «Жас Ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсына 2027–2029 жылдарға өтінім дайындау мәселелеріне арналған семинар өтті.
.jpeg)
Семинар спикері - Ершибулов Азамат Кайратович, PhD, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы.

Іс-шараға факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдары мен докторанттары қатысты.

Семинар барысында бәсекеге қабілетті гранттық өтінімді әзірлеудің негізгі кезеңдері қарастырылды: ғылыми мәселені және зерттеудегі олқылықты (research gap) айқындау, жобаның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, зерттеу әдіснамасын таңдау, өлшенетін күтілетін нәтижелер мен жарияланымдық траекторияны жоспарлау. Жоба міндеттері, зерттеу әдістері, жоспарланған нәтижелер мен бюджет арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушыларға өтінімнің конкурс талаптарына сәйкестігін тексеру және оны дайындау барысында жиі кездесетін қателердің алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Семинар аясында жобаның ғылыми жаңалығын негіздеу, зерттеу ортасын сипаттау, жарияланымдық нәтижелерді жоспарлау, күнтізбелік жоспар мен жобаның қаржылық негіздемесін әзірлеу мәселелері де талқыланды.
Семинар жобалық идеяларды талқылауға және сапалы ғылыми өтінімдерді дайындау бойынша тәжірибелік ұсынымдармен алмасуға мүмкіндік беретін алаңға айналды. Осындай іс-шараларды өткізу факультет зерттеушілерінің гранттық белсенділігін арттыруға, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуға және жас ғалымдар мен докторанттарды перспективалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға тартуға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар