ҚазҰУ студенттері Алматы қаласындағы сенбілікке қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 150-ден астам студенті Алматы қаласының аумағын тазалауға арналған сенбілікке қатысты.
Экологиялық бастама UNICEF Zhastary, EcoJurek Almaty, Алматы қаласы еріктілер офисі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлесуімен ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында қатысушылар қала аумағындағы қоқыстарды жинап, жерге түскен жапырақтарды тазалады. Жастар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі іске белсенді атсалысып, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар іс-шара бағдарламасы аясында EcoJurek Almaty мамандары қатысушыларға экологиялық мәдениетті дамытуға арналған арнайы тренинг өткізді. Тренинг барысында қоршаған ортаны қорғау, күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар