- Басты бет
- Жаңалықтар
- Бір топ – бір орта: ҚазҰУ-да инклюзивті қарым-қатынас мәдениетіне арналған танымдық лекция өтті
Бір топ – бір орта: ҚазҰУ-да инклюзивті қарым-қатынас мәдениетіне арналған танымдық лекция өтті
24 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде 1 курс студенттеріне арналған «Бір топ – бір орта: инклюзивті қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында танымдық лекция өтті.
Іс-шара студенттердің университеттік ортадағы өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, бір-бірін түсіну мен қолдаудың маңыздылығын арттыруға және әр адамның жеке ерекшеліктерін құрметтеуге бағытталды. Лекция барысында өзара сыйластық, түсіністік, толеранттылық, қолдау көрсету және инклюзивті ортаны қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Лекция барысында студенттерге инклюзивті қарым-қатынастың күнделікті өмірдегі және студенттік ортадағы маңызы түсіндіріліп, әр адамның ерекшелігін қабылдау мен құрметтеудің өзара түсіністік пен қолайлы орта қалыптастырудағы рөліне назар аударылды. Сонымен қатар құрдастарға қолдау көрсету, өзара жауапкершілік және студенттер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелері талқыланды. Студенттер лекцияға белсенді қатысып, тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісті және қызықтырған сұрақтарын қойды. Пікір алмасу барысында қатысушылар инклюзивті қарым-қатынас мәдениетінің студенттік өмірдегі маңызын талқылады.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 10-мақсаты – «Теңсіздікті азайту» аясындағы қағидаттармен сабақтасып, барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, әлеуметтік инклюзияны қолдау және әртүрлілікті құрметтеу құндылықтарын ілгерілетуге бағытталды. Танымдық лекция студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, өзара құрмет пен қолдау мәдениетін дамытуға және университетте әрбір студент үшін қолайлы әрі инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етті.
Танымдық лекцияны Алгожаева Нұрсұлу Сейткерімқызы – доцент, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ Бекенова Жұмагүл Нұрдәулетқызы – PhD, доцент м.а., оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары жүргізді.
Басқа жаңалықтар