МЕХМАТ – БОЛАШАҚ ТАЛАПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ🎓
26 қыркүйек күні Алматы қаласындағы MIA Education білім беру орталығында 10–11 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған «ЦУР 4 – Сапалы білім» білім беру көрмесі өтті.
Көрмеге Алматы қаласының әртүрлі мектептерінен оқушылар қатысты. Олардың қатарында №205 қалалық мектептің оқушылары да болды.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультетінің кәсіби бағдар беру жұмысы аясында математика, механика, ВНИС және МКМ кафедраларының өкілдері — Касенов Сырым, Маусымбекова Сауле, Көшербаева Айкен және Аузерхан Гауһар қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға факультет, білім беру бағдарламалары, мамандықтар және болашақтағы кәсіби мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, ҚазҰУ-да білім алу мүмкіндіктерімен танысты.



Басқа жаңалықтар