Цифрлық тәуелділіктің денсаулыққа әсері
28 қыркүйек 2026 жылы білім алушылардың денсаулығын сақтауға жауапкершілігін арттыру және цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға бағыт беру мақсатында молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзері Ш.М. Ыргынбаеваның басшылығымен «6В05105-Генетика» ББ бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Цифрлық тәуелділіктің денсаулыққа әсері» тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өткізілді.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-мақсаты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» қағидаттарымен сабақтастырылды. Эдвайзерлік сағат барысында цифрлық құрылғыларды шамадан тыс пайдаланудың адам денсаулығына әсері, экран алдында ұзақ отырудың салдары және цифрлық тәуелділіктің алдын алу жолдары талқыланды.
Білім алушыларға смартфон, компьютер және басқа да гаджеттерді ұзақ уақыт қолданудың көру қабілетіне, ұйқы режиміне, дене белсенділігіне, зейін қоюға және психоэмоционалдық жағдайға ықпалы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану, экран уақытын шектеу, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру және белсенді өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара барысында студенттер цифрлық технологияларды қолдануға байланысты өз тәжірибелерімен бөлісіп, денсаулыққа пайдалы әдеттерді қалыптастыру бойынша пікір алмасты. Цифрлық гигиена ережелерін сақтау, гаджеттерді мақсатты пайдалану және бос уақытты тиімді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар берілді.
Эдвайзерлік сағаттың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, цифрлық тәуелділіктің алдын алу және денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастыру. Іс-шара нәтижесінде білім алушылар цифрлық технологияларды жауапкершілікпен пайдаланудың денсаулық пен жалпы әл-ауқатты сақтаудағы маңызын түсінді.
Осылайша, өткізілген эдвайзерлік сағат ТДМ 3 – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсатын қолдай отырып, білім алушылардың денсаулық мәдениетін арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы