«Салауатты өмір сүру ден саулық кепілі» — ҚазҰУ

«Салауатты өмір сүру ден саулық кепілі»

28 қыркүйек 2026
«Салауатты өмір сүру ден саулық кепілі»

28 Қыркүйек 2026 жылы кураторлық тәрбие сағаты аясында   3 курс биотехнология мамандығының (БТ 24-01К, БТ 24-01К ) студенттерімен «Дұрыс тамақтану және өмір салты» тақырыбында «Белсенді өмір және дұрыс тамақтану» атты семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс және теңгерімді тамақтанудың маңызын түсіндіру, дене белсенділігін арттыруға және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға ынталандыру. Семинар барысында дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары, тағам құрамындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералдардың ағза үшін маңызы, су ішу және тамақтану режимі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар күнделікті қозғалыс белсенділігінің, толыққанды ұйқы мен тиімді демалыстың денсаулықты сақтаудағы рөлі талқыланды.

Ситуациялық тапсырмалар арқылы фастфуд өнімдерін жиі тұтыну, энергетикалық және қант мөлшері жоғары сусындарды пайдалану, қозғалыс белсенділігінің төмендігі және ұйқы режимінің бұзылуы сияқты мәселелер талқыланды. Топ студенттері әр жағдай бойынша денсаулыққа пайдалы балама шешімдер ұсынды.

Іс-шара білім алушылардың белсенді қатысуымен өтті. Семинар-тренинг соңында қатысушылар дұрыс тамақтану мен тұрақты дене белсенділігі салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері екендігін атап өтті.

Мұндай тәрбиелік іс-шаралар білім алушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, пайдалы әдеттерді күнделікті өмірге енгізуге және өз денсаулығына саналы жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

 

Кураторлар: б.ғ.к., профессор Ерназарова Г.И., б.ғ.к., профессор Турашева С.К., б.ғ.к., профессор  Сыдыкбекова Р.К.