- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінің зерттеуші-профессоры ЮНЕСКО эгидасымен өткен халықаралық конференцияда баяндама жасады
Шығыстану факультетінің зерттеуші-профессоры ЮНЕСКО эгидасымен өткен халықаралық конференцияда баяндама жасады
2026 жылғы 29 қыркүйек ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығында қазақтың көрнекті ақыны әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «XX ғасырдың екінші жартысындағы Орталық Азияның интеллектуалды тарихы» атты Білім мәдениетін қолдануға арналған ІХ халықаралық конференция өтті.
Аталмыш беделді халықаралық жиынға Шығыстану факультетінің зерттеуші-профессоры Ерекешева Лаура Гибратовна қатысып, конференцияның ең маңызды ғылыми баяндамаларының бірін оқыды.
Профессор Л.Г. Ерекешева өз сөзінде «Көшпенділер кеңістігі және мәдени бірегейлік маркерлері: Олжас Сүлейменов пен Жиль Делез – Феликс Гваттари концепцияларының үндесуі» атты ауқымды тақырыпты терең зерделеді. Ол қазақтың біртуар тұлғасы Олжас Сүлейменовтің философиялық-тарихи тұжырымдарын әлемдік белгілі ойшылдардың еңбектерімен сабақтастыра отырып, көшпенділер өркениетінің мәдени кодтарын ғылыми тұрғыда жаңа қырынан ашып көрсетті.
Профессор Лаура Гибратовнаның бұл беделді халықаралық мінберде жасаған мазмұнды баяндамасы отандық шығыстану мен гуманитарлық ғылымның әлемдік аренадағы байланыстарын нығайтуға және Олжас Сүлейменовтің бай мұрасын жаңа қырынан дәріптеуге сүбелі үлес қосты.

Басқа жаңалықтар