«Көмек сұрау – батылдық» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті 30 қыркүйек күні 322-аудиторияда Генетика мамандығының 4-курс студенттерімен «Көмек сұрау – батылдық» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер арасында өзара қолдау мен сенім мәдениетін қалыптастыру, қиын жағдайда көмек сұраудың әлсіздік емес, керісінше батылдық пен жауапкершіліктің белгісі екенін түсіндіру. Кураторлық сағат барысында студенттер өз ойлары мен пікірлерін ашық айтып, өмірде кездесетін түрлі қиын жағдайларды және оларды еңсеру жолдарын талқылады. Өзара қолдау көрсету, бір-бірін тыңдау және қажет кезде көмекке жүгіне білу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер белсенділік танытты. Көмек сұрау – әлсіздік емес. Қажет кезде қолдау сұрай білу – батылдық!
Куратор – Чунетова Ж.Ж.
Басқа жаңалықтар