ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАНУ: БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ӨЗ МАМАНДЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ РӨЛІН ТАЛҚЫЛАДЫ — ҚазҰУ

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАНУ: БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ӨЗ МАМАНДЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ РӨЛІН ТАЛҚЫЛАДЫ

1 қазан 2026
ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАНУ: БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ӨЗ МАМАНДЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ РӨЛІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шығыстану факультетінің түркітану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында «Тұрақты даму мақсаттары және шығыстану» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Іс-шараға 6B02207 «Шығыстану» және 6B02301 «Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері қатысты.

Бірінші курс кураторы Дулаева Эльнара студенттерді 2015 жылы БҰҰ-ға мүше мемлекеттер қабылдаған 17 Тұрақты даму мақсатымен таныстырып, олардың қазіргі қоғам үшін маңызы туралы айтып берді. Сапалы білім беру, мәдениетаралық диалог, халықаралық ынтымақтастық, экологиялық қауіпсіздік және мәдени мұраны сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ашық әңгіме барысында студенттер Тұрақты даму мақсаттарының шығыстанумен байланысын, шығыс тілдері мен мәдениеттерін зерттеудің халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін, сондай-ақ Шығыс елдерімен байланыстарды дамытудағы Қазақстанның маңызын талқылады.

Мәдениетаралық диалог мәселесіне ерекше мән берілді. Студенттер шығыстанушы маман үшін тілді білу ғана емес, зерттелетін өңір халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрін және ерекшеліктерін түсіну де маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында бірінші курс студенттері өз пікірлерімен бөлісіп, Шығыс елдерімен бірлескен жобалар туралы идеяларын ұсынды және әрқайсысы тұрақты дамуға бүгіннің өзінде қандай үлес қоса алатынын талқылады.

Кураторлық сағат ашық диалог форматында өтті. Ол студенттерге таңдаған мамандығына, сондай-ақ оның халықаралық ынтымақтастықты, өзара түсіністікті дамытудағы және тұрақты болашақты қалыптастырудағы маңызына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

Іс-шараға PhD, доцент м.а., шығыстану факультетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары Койбакова Айжан Съездовна,  PhD, доцент м.а. кафедра меңгерушісі Халел Агнур,  кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Бекетова Дана Бекетқызы қатысты.