«Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Логистика (сала бойынша)» мамандығының докторанты «Петербургский диалог» форумы аясындағы Жас ғалымдар мектебіне қатысты — ҚазҰУ

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Логистика (сала бойынша)» мамандығының докторанты «Петербургский диалог» форумы аясындағы Жас ғалымдар мектебіне қатысты

5 қазан 2026
«Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Логистика (сала бойынша)» мамандығының докторанты «Петербургский диалог» форумы аясындағы Жас ғалымдар мектебіне қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы «Логистика (сала бойынша)» мамандығының докторанты Диас Кошетаев ғылыми жетекшісі, э.ғ.к., профессор м.а. З.Б. Ахметованың жетекшілігімен «Болашақ экономикасы үшін кадрлық әлеуетті дамыту: жастардың ғылыми зерттеулерінің рөлі» атты Жас ғалымдар мектебінің жұмысына қатысты.


 

2026 жылғы 14-17 қыркүйек аралығында Мәскеу қаласында «Петербургский диалог» форумы «Наука и образование» жұмыс тобының бастамасымен Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетімен бірлесіп Жас ғалымдар мектебі өтті. Іс-шараға әртүрлі елдерден жас зерттеушілер мен ғылыми-білім беру саласының өкілдері қатысты.


 

Іс-шара барысында Диас Кошетаев дөңгелек үстелдердің жұмысына қатысып, өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстырды және әріптестерімен кәсіби пікірталастарға қатысты. Қатысушылар жастар ғылымын дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және жас зерттеушілердің болашақ экономикасын қалыптастырудағы рөліне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.


 

Мектеп бағдарламасы кадрлық әлеуетті дамыту, жастардың ғылыми зерттеулерін қолдау, ғылыми тәжірибе алмасу және жас ғалымдардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыру мәселелеріне арналды. Жастардың ғылыми-білім беру үдерісіндегі рөліне, зерттеу қызметінде заманауи тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ университеттер арасындағы және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.


 

Жас ғалымдар мектебін өткізу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда, 4-мақсат – «Сапалы білім», 8-мақсат – «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» және 17-мақсат – «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» міндеттеріне сәйкес келеді.


 

Мектеп жұмысына Ресейдің жетекші университеттерінің ғылым кандидаттары, аспиранттары мен жас оқытушылары, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның ғылыми қауымдастығының өкілдері қатысты.