Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында шара өтті — ҚазҰУ

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында шара өтті

6 қазан 2026
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында шара өтті

5 қазанда шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ТДМ-ның 4-ші «Сапалы білім беру» бағыты бойынша «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында аудармашы Шыңғыс Әбдірайыммен кездесу өтті. Шыңғыс Әбдірайым шығыстану факультеті ирантану бөлімінің 2024 жылғы түлегі, жас аудармашы, қазіргі таңда «Отбасы хрестоматиясы» баспасының қызметкері.

Шараның негізгі мақсаты — студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оларды кітаптарды сыни және аналитикалық тұрғыдан талдай алуға үйрету, ойлау қабілетін дамыту.

Кездесу барысында спикер студенттерді аталмыш баспадан жарық көріп жатқан жаңа кітаптармен таныстырып, баспаның туындыларды таңдау критерийлері мен аударма жасау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерге кеңінен тоқталды. Шараның екінші бөлімі сұрақ-жауап форматына ұласып, студенттер мен оқытушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Мазмұнды кездесуге кафедра оқытушылары мен студенттер қатысып, рухани мазмұнға толы сұхбаттан ерекше әсер алды.

 

Материалды дайындаған: А.Ж. Боранбаева