«Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: цифрлық трансформация және жаңа мүмкіндіктер» атты семинар-тренингі — ҚазҰУ

«Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: цифрлық трансформация және жаңа мүмкіндіктер» атты семинар-тренингі

1 қазан 2026
«Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: цифрлық трансформация  және жаңа мүмкіндіктер» атты семинар-тренингі

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық трансформация, жасанды интеллект және ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту бастамаларын жүзеге асыру барысында Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» бағыты  аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: цифрлық трансформация  және жаңа мүмкіндіктер» атты семинар-тренинг    ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.С. Асанованың жетекшілігімен 6В03205 - Кітапханалық ақпараттық жүйелер», білім беру бағдарламасының 1 - 4  курс студенттері қатысты.

Мақсаты: Мемлекет басшысының цифрландыру бастамалары аясында кітапхана саласына жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу және болашақ мамандардың заманауи технологиялар жөніндегі кәсіби түсінігін кеңейтіп, болашақ даму бағытын айқындау. 

Студенттер үшін бұл  білім мен тәжірибені шыңдайтын үлкен мүмкіндік алаңы. Шара барысында студенттер LibRAG, NurAI сияқты жасанды интеллект жүйелерімен және LABA, DILIGEN сияқты аналитикалық платформалармен танысып, цифрлық сауаттылығын арттырады. Сондай-ақ IT-сарапшылар мен білікті мамандардан ИФЛА стандарттарын, электронды дерекқорларды, авторлық құқық қорғауды және құнды мұраны сақтау тәсілдерін үйреніп, бәсекеге қабілетті заманауи маман болып қалыптасады.