- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстандағы қытайтану ғылымының өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында арнайы дәріс өтті
«Қазақстандағы қытайтану ғылымының өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында арнайы дәріс өтті
2026 жылғы 2 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасына қарасты «Жібек жолы» үйірмесі аясында «Қазақстандағы қытайтану ғылымының өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында арнайы дәріс өтті.
Дәрісті филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Даулет Фатимабибі Ноғайқызы оқыды. Іс-шараны «Жібек жолы» үйірмесінің жетекшісі Дүйсенбай Құлпынай ұйымдастырып, жүргізді.
Дәріске факультеттің қытайтану кафедрасында білім алып жатқан 3–4 курс бакалавриат студенттері мен докторанттар қатысты. Тыңдаушылар тақырыпқа зор қызығушылық танытып, Қазақстандағы қытайтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен даму жолдары, қазіргі зерттеу бағыттары, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу талаптары және мамандықтың болашақтағы перспективалары жөнінде көптеген сұрақтар қойды.
Лектор қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, студенттер мен докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық ұсыныстар берді. Дәріс барысында қытайтану саласындағы ғылыми ізденістердің ерекшеліктері мен кәсіби дамудың маңыздылығына да назар аударылды.
Іс-шара қорытындысында студенттер мен докторанттар Қазақстандағы қытайтану ғылымының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырып, қазіргі зерттеу бағыттары жөніндегі түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар дәріс жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етті.
.jpeg)
.jpeg)
Басқа жаңалықтар