- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасында «Толық адам» концепциясының негізгі идеялары тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Қиыр Шығыс кафедрасында «Толық адам» концепциясының негізгі идеялары тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 6 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімі ұйымдастырған «Толық адам» концепциясының негізгі идеялары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің оқытушысы Г.Б. Тазабекова ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге жапонтану бөлімінің 1, 2 және 3-курс студенттері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге «Толық адам» концепциясының негізгі идеяларын түсіндіру, оның адам өміріндегі маңызын ашу, сондай-ақ білім алушылардың адамгершілік және рухани құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға іс-шараның тақырыбы, мақсаты және негізгі талқылау бағыттары таныстырылды. Студенттер «Толық адам» концепциясының мазмұны туралы өз ой-пікірлерімен бөлісіп, оның қазіргі адамның тұлғалық және рухани дамуындағы маңызын талқылады.
Топтық пікірталастарға ерекше назар аударылды. Қатысушылар «Толық адам қандай болуы керек?» және «Толық адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?» тақырыптары бойынша өзара пікір алмасты. Талқылау барысында білімге ұмтылу, жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық, өзгелерді құрметтеу, адамгершілік және рухани даму сияқты құндылықтар туралы сөз қозғалды.
Ашық пікірталас барысында студенттер өз көзқарастарын білдіріп, сұрақтар қойып, жан-жақты дамыған тұлғаға тән негізгі қасиеттерді бірлесіп айқындады. Дөңгелек үстел форматы қатысушыларға концепцияның негізгі идеяларымен танысып қана қоймай, олардың күнделікті өмірдегі және тұлғалық қалыптасудағы маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында қатысушылар пікірталасты қорытындылап, талқылау барысында қалыптасқан негізгі тұжырымдарын ұсынды.
Дөңгелек үстел студенттердің ашық пікір алмасуына мүмкіндік беріп, олардың сыни ойлау қабілетін, адамгершілік құндылықтарын және рухани әрі тұлғалық даму мәселелеріне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Іс-шара естелікке ортақ суретке түсумен аяқталды.
Басқа жаңалықтар