- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика және бизнес жоғары мектебі Талғар ауданындағы № 1 жеке лицей-интернаттың оқушылары үшін «Ашық есік күнін» өткізді.
Экономика және бизнес жоғары мектебі Талғар ауданындағы № 1 жеке лицей-интернаттың оқушылары үшін «Ашық есік күнін» өткізді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Талғар аудандық жеке Лицей-интернаты №1 оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында оқушыларға университет пен Экономика және бизнес жоғары мектебінің тарихы, білім беру бағдарламалары, халықаралық ынтымақтастығы, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, студенттік өмірі және түлектердің мансаптық перспективалары туралы ақпарат берілді.
Экономика және бизнес жоғары мектебінің өкілдері экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, логистика, цифрлық экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллекттің қазіргі еңбек нарығына және болашақ мамандықтарға әсері туралы айтылды.

Кездесу аясында оқушылар үшін университет кампусына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында олар ҚазҰУ-дың суперкомпьютерлік орталығына барып, суперкомпьютердің мүмкіндіктерімен танысты. Оқушыларға жоғары өнімді есептеу технологияларының ғылымда, үлкен деректерді өңдеуде, жасанды интеллект пен заманауи зерттеулерде қолданылуы туралы ақпарат берілді.
Кездесуде ҚазҰУ-дың халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне де назар аударылды. Университет QS World University Rankings рейтингінде 177-орында, QS Asia рейтингінде 38-орында орналасқан. Экономика және бизнес жоғары мектебі 50-ден астам шетелдік университетпен серіктестік байланыс орнатқан.
Іс-шара ашық диалог форматында жалғасып, оқушылар университетке түсу, білім беру бағдарламаларын таңдау, оқу үдерісі, халықаралық бағдарламалар және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы сұрақтарын қойды.
Мұндай кездесулер мектеп оқушыларына болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, университеттік ортаны жақынырақ тануға және ғылым мен заманауи технологиялардың мүмкіндіктерімен танысуға жол ашады.
Басқа жаңалықтар