Философия және саясаттану факультетінде оқыту тренингі өтті — ҚазҰУ

Философия және саясаттану факультетінде оқыту тренингі өтті

8 қазан 2026
Философия және саясаттану факультетінде оқыту тренингі өтті

2026 жылғы 8 қазанда Философия және саясаттану факультетінде Академиялық мәселелер департаменті мен Инновациялық технологиялар департаментінің ұйымдастыруымен оқыту тренингі өтті.

Тренингке кафедра меңгерушілері, олардың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, академиялық комитет мүшелері және жалпы білім беру пәндерінен сабақ жүргізетін оқытушылар қатысты.

Тренинг барысында Мусинова Асел Ахметқызы академиялық үдерісті ұйымдастыруға қатысты ішкі нормативтік құжаттармен таныстырды.

Ботаева Асем Тұрысбекқызы Univer ақпараттық жүйесінде тестілік емтиханды жобалау тәртібін түсіндірді. Кохан Кирилл Олегович Univer жүйесіндегі тест тапсырмаларының шаблондарын әзірлеу және жүйеге жүктеу тәртібін көрсетті. Круговых Илья Игоревич Moodle қашықтан оқыту жүйесінде тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жолдарын таныстырды.

Тренинг барысында 2026–2027 оқу жылынан бастап жалпы білім беру пәндері бойынша қорытынды емтихан тесттерін оқытушылардың өздері әзірлеп, жүйеге дербес жүктейтіні түсіндірілді. Қатысушыларға тест тапсырмаларын құрастыру талаптары, олардың құрылымы және Univer жүйесіне енгізу алгоритмі көрсетілді.

Тренинг соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті түсіндірмелер алды.