Шеберлік сабағы: Халықаралық қатынастардағы дипломатиялық аударманың рөлі және оның 4, 10, 16 және 14-тұрақты даму мақсаттарындағы көрінісі мен ерекшеліктері — ҚазҰУ

Шеберлік сабағы: Халықаралық қатынастардағы дипломатиялық аударманың рөлі және оның 4, 10, 16 және 14-тұрақты даму мақсаттарындағы көрінісі мен ерекшеліктері

30 қыркүйек 2026
Шеберлік сабағы: Халықаралық қатынастардағы дипломатиялық аударманың рөлі және оның 4, 10, 16 және 14-тұрақты даму мақсаттарындағы көрінісі мен ерекшеліктері

2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде Халықаралық аударма күніне орай «Дипломатиялық аударманың қыр-сыры» тақырыбында мастер-класс өтті.

Іс-шараның спикері - Жумалиева Жансая Калдыбековна, Дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы және кәсіби синхронды аудармашы.

Мастер-класс барысында дипломатиялық аударманың ерекшеліктері, дәлдік пен дипломатиялық терминологияны дұрыс қолданудың маңызы, сондай-ақ синхронды аударманың практикалық аспектілері қарастырылды. Қатысушылар кәсіби мысалдармен танысып, спикерге сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Мастер-класс тақырыбы БҰҰ-ның бірқатар Тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда 16-ТДМ «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар», 17-ТДМ «Тұрақты даму мақсаттарындағы серіктестік», 10-ТДМ «Теңсіздікті азайту» және 4-ТДМ «Сапалы білім беру» мақсаттарын қамтиды. Дипломатиялық аударма халықаралық диалог пен ынтымақтастықты дамытуға, ақпарат пен білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және тілдік кедергілерді еңсеруге ықпал етеді.

Мастер-классқа Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Мурзагалиева Марал Казкеновна, аға оқытушы Карипбаева Гульнар Алипбаевна, «Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратура студенттері және Шығыстану факультетінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында спикер мен қатысушылардың қатысуымен ортақ топтық суретке түсу ұйымдастырылды.

Мастер-класс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ туралы ақпараттық қолдау көрсететін Академиялық өңірлік ресурстық орталықтың белсенді студенттерінің қолдауымен өтті. Іс-шараның модераторы әрі жауапты ұйымдастырушысы - Деловарова Л. Ф.