- Басты бет
- Жаңалықтар
- New Silk Way Mini MUN Алматының жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірді.
New Silk Way Mini MUN Алматының жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірді.
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары туралы хабардарлықты арттыру мақсатында 9 қазан, жұма күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «New Silk Way Mini MUN» («Жаңа Жібек жолы» БҰҰ Мини-Моделі) конференциясы өтті.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Нархоз, КИМЭП, SDU және Тұран университеттерінің студенттері, сондай-ақ халықаралық қатынастар мен дипломатия саласының сарапшылары қатысты.
Конференция 11 қазанда атап өтілетін Халықаралық қыздар күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың білім алуға қолжетімділігі шектелуі мен құқық теңсіздігі сияқты өзекті халықаралық мәселелерді шешу жолдарын делегаттарға өз бетінше іздестіруге мүмкіндік берді.
БҰҰ мини-моделі Тұрақты даму мақсаттарын насихаттауда, білім беруді қолдауда және студенттерді біріктіруде маңызды рөл атқарады. Жыл сайын жүздеген жас маман БҰҰ модельдеріне қатысып, Ұйымның құндылықтарын ілгерілетуге өз үлестерін қосады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұзақ жылдар бойы Тұрақты даму мақсаттарына қызығушылық танытатын студенттерді біріктіретін Орталық Азиядағы ірі орталықтардың бірі болып келеді. Университетте БҰҰ модельдері 2012 жылдан бері өткізіліп, олардың танымалдығы жыл сайын артып келеді.
Биылғы New Silk Way Mini MUN конференциясы аясында екі комитет жұмыс істеді:
• UN Women – әйелдердің құқық теңсіздігі мен қоғамдағы қауіпсіздігі мәселелерін қарастырды.
• UNICEF – әртүрлі жастағы қыздардың білім алуға қол жеткізуіндегі кедергілерді талқылады.
Қатысушылар түрлі мемлекеттердің делегаттары рөлін атқарып, жаһандық мәселелерді шешудің ортақ жолдарын іздестіру мақсатында БҰҰ конференциясының жұмысында машықтанды.
Іс-шара барысында студенттерге құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйледі:
• Сайрамбаева Жұлдыз Талғатқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы.
• Деловарова Лейла Федоровна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ жөніндегі аймақтық ақпараттық-ресурстық академиялық орталықтың директоры.
• Урманова Диляра – Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының директоры.
Өткізілген іс-шара университеттің БҰҰ мақсаттары мен құндылықтарына, 17 ТДМ, халықаралық құқық қағидаттарына және барлық адамдардың теңдігі идеясына деген адалдығын, сондай-ақ халықаралық қатынастар саласындағы болашақ мамандардың жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Конференцияны New Silk Way MUN студенттік ұйымы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ-ның аймақтық ақпараттық-ресурстық академиялық орталықтың қолдауымен қолдауымен ұйымдастырды.
.jpeg)
.jpeg)



Басқа жаңалықтар