- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың «Парасат» кәсіподағы: Әлеуметтік қолдаудың, ынтымақтастық пен тұрақты дамудың жылдары
ҚазҰУ-дың «Парасат» кәсіподағы: Әлеуметтік қолдаудың, ынтымақтастық пен тұрақты дамудың жылдары
Бүгін — Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні. Бұл тек мереке ғана емес, сонымен бірге бірлік пен өзара көмектің, нақты істердің символы. Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетінің «Парасат» қызметкерлердің жергілікті кәсіподағы оқытушылар, ғылыми қызметкерлер мен көмекші персонал үшін онжылдықтар бойы сенімді тірек болып келеді. Өз кезегімде, мен шамамен 20 жыл бойы физика-техникалық факультет атынан кәсіподақ комитетінің мүшесі ретінде қызмет етіп, университет қауымдастығының өмірін жақсарту жолындағы жұмыстардың куәсімін.
Біздің кәсіподақтың қызметі университетіміз белсенді түрде жүзеге асырып жатқан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) тікелей үндесіп жатыр.
Біріншіден, бұл — 3-ші ТДМ: «Сапалы денсаулық және әл-ауқат». Қызметкерлердің денсаулығын қорғау — біздің басты басымдығымыз. Кәсіподақ комитеті аса ауыр жағдайларда (күрделі оталар, ұзақ ем қабылдау) медициналық қызметтердің шығындарын өтейді, еңбек өтіліне қарай шипажайларға жолдамаларға дотация бөледі. Сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының жыл сайынғы спартакиадасын және Ыстықкөл жағасындағы спорт-сауықтыру лагерінде жазғы маусымдарды ұйымдастырады.
Екіншіден, біз 4-ші ТДМ: «Сапалы білім» қағидаттарын қолдаймыз. Оқытушының әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы сапалы білім берудің кепілі. Қызметкерлердің балаларына ҚазҰУ-да оқуға жеңілдіктер беру, Білім күні қарсаңында бірінші сынып оқушыларына портфельдер мен оқу құралдарын табыстау отбасы бюджетіне қолдау көрсетіп, қызметкерлерді жігерлендіреді.
Үшіншіден, 8-ші ТДМ: «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында кәсіподақ комитеті еңбек құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Университеттік келісім комиссиясының жұмысына қатысу арқылы еңбек дауларын әділ әрі бейбіт жолмен реттеуге қол жеткіземіз. Сонымен қатар, оқу-көмекші персонал арасында «Мамандығы бойынша үздік» байқауын өткізу, мерейгерлерді марапаттау, Наурыз бен Балаларды қорғау күнін атап өту, демалыс күндері туры сияқты іс-шараларға үлкен көңіл бөлінеді.
Төртіншіден, жақындарынан айырылғандарға материалдық көмек көрсету және қызметкерлердің балаларына Жаңа жылдық сыйлықтар беру 10-шы ТДМ («Теңсіздікті азайту») мен 17-ші ТДМ («Тұрақты даму үшін серіктестік») мақсаттарына сай қоғамдық тұтастықты нығайтады.
Кәсіподақ комитетінде өткізген шамамен 20 жылдық тәжірибем менің көзімді жеткізді: университеттің тұрақты дамуы еңбек адамына деген шынайы қамқорлықтан басталады. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!
Басқа жаңалықтар