- Басты бет
- Психологиялық қолдау
- ТДМ №4: «Эмоцияларды басқару және позитивті ойлау» атты семинар-тренинг
ТДМ №4: «Эмоцияларды басқару және позитивті ойлау» атты семинар-тренинг
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Психологиялық қолдау қызметімен мен «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы ТДМ-4 «Сапалы білім беру» аясында «Эмоцияларды басқару және позитивті ойлау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты – студенттердің эмоционалдық әл-ауқатын және тұлғалық дамуын қолдау, өз эмоцияларын басқару дағдыларын қалыптастыру, позитивті ойлауды дамыту, стресске төзімділікті арттыру және өзіне деген сенімділікті нығайту. Іс-шараға заң факультетінің белсенді студенттері қатысып, эмоционалдық сауаттылықтың және әртүрлі өмірлік жағдайларға позитивті көзқарастың маңыздылығымен танысты.
Семинар барысында қатысушылар келесі өзекті тақырыптарды талқылады:
Эмоция ұғымы және оның адам өміріндегі маңызы;
Эмоция түрлері және олардың мінез-құлық пен шешім қабылдауға әсері;
Жағымсыз эмоцияларды басқару тәсілдері;
Стресс және эмоционалдық шиеленіс: себептері және оларды жеңудің тиімді жолдары;
Позитивті ойлау және оның өзіне деген сенімділікті қалыптастырудағы рөлі;
Эмоционалдық тұрақтылық және өзін-өзі қолдау дағдылары.
Семинардың практикалық бөлімі интерактивті форматта өтті. Қатысушылар эмоцияларды тану және білдіру, позитивті ойлауды дамыту, эмоционалдық шиеленісті төмендету және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған психологиялық тренингтер мен жеке және топтық жаттығулар орындады.
Іс-шара барысында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты және оқу мен күнделікті өмірдегі эмоционалдық жағдайды басқаруға қатысты пайдалы ұсыныстар алды. Позитивті ойлаудың, қоршаған адамдардың қолдауының және қиын жағдайларда ішкі тепе-теңдікті сақтай білудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Семинар жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар алған білімдері мен практикалық дағдылары оларға стрессті жеңуге, эмоцияларын бақылауға, өзіне деген сенімділікті арттыруға және позитивті көңіл-күйді сақтауға көмектесетінін атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, студенттердің эмоционалдық әл-ауқатын, тұлғалық және кәсіби дамуын қолдауда осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

.jpeg)
Басқа жаңалықтар