ТДМ №4, 10 : «Инклюзивті коммуникация мен этика» тақырыбында оқыту шарасы — ҚазҰУ

ТДМ №4, 10 : «Инклюзивті коммуникация мен этика» тақырыбында оқыту шарасы

7 қыркүйек 2026
ТДМ №4, 10 : «Инклюзивті коммуникация мен этика» тақырыбында оқыту шарасы

       Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті коммуникация мен этика» тақырыбында оқыту шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — инклюзия қағидаттарын кеңінен насихаттау, инклюзивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қоғамда өзара құрмет пен түсіністікті дамыту.

       Оқыту шарасы барысында инклюзияның маңыздылығы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау ерекшеліктері, инклюзивті коммуникация қағидаттары мен этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларға инклюзивті ортаны қалыптастыру, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және әр адамның жеке ерекшеліктеріне құрметпен қарау жөнінде маңызды ақпараттар ұсынылды.

         Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығының өкілдері де қатысты. Орталық өкілдері инклюзия саласындағы өзекті мәселелермен танысып, тәжірибе алмасуға және кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Оқыту барысында алынған тәжірибе университетте инклюзивті мәдениетті дамытуға, білім алушылар үшін қолайлы әрі қолжетімді орта қалыптастыруға және орталықтың алдағы жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

          Осындай оқыту шаралары инклюзивті қоғам қалыптастыруға, азаматтардың инклюзия туралы түсінігін кеңейтуге және қоғамда теңдік, сыйластық пен өзара қолдау құндылықтарын нығайтуға бағытталған.