Заң факультетінің №18 Студенттер үйінде студенттерге арналған «Кешкі Кино-Тайм» ұйымдастырылды. — ҚазҰУ

Заң факультетінің №18 Студенттер үйінде студенттерге арналған «Кешкі Кино-Тайм» ұйымдастырылды.

23 қыркүйек 2026
Заң факультетінің №18 Студенттер үйінде студенттерге арналған «Кешкі Кино-Тайм» ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара Заң факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы Базартаева Еркеназдың жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Мақсаты:

  • Студенттердің бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасау;
  • Студенттер арасында өзара қарым-қатынас пен достықты нығайту;
  • Жылы атмосфера қалыптастырып, жағымды эмоциялар сыйлау.

Кеш барысында студенттер қызықты фильм тамашалап, еркін форматта уақыт өткізіп, көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер алды.