Back to School: Safe & Ready - сөйлеу маңызды кезде
24 қыркүйек 2026
24 қыркүйекте кафедра оқытушысы Дарханова С.Д. студенттердің кураторлық тобымен бірге UNICEF Zhastary «Back to School: Safe & Ready» іс-шарасына қатысты.
Біздің «Буллинг және кибербуллинг» станциясында біз тек мәселе туралы сөйлескен жоқпыз - ойындар ойнадық, нақты жағдайларды талдадық, стереотиптерді бұздық және бір-біріне қолдау болуды үйрендік.
«Сен не істер едің?»,
«Бір сөз»,
«Миф пе, әлде факт пе?» - интерактив арқылы оқушылар буллингті байқауды, өз сезімдері туралы айтуды және қиын жағдайға тап болған адамға қалай көмектесу керектігін түсінуді үйренді.
Кейде «Сен жалғыз емессің» деген бір сөз адам үшін өте маңызды болуы мүмкін.
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026