Кемел болашақ – кітап оқитын ұрпақ! — ҚазҰУ

Кемел болашақ – кітап оқитын ұрпақ!

24 қыркүйек 2026
Кемел болашақ – кітап оқитын ұрпақ!

2026 жылғы 24 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің №18 Студенттер үйінде ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», публицист, жазушы Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменовпен тағылымды кездесу өтті. Кездесу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты – «Сапалы білім беру» аясында ұйымдастырылып, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, ұлттық әдебиет пен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Кеш барысында студенттер жазушымен еркін пікір алмасып, әдебиет, білім және руханият туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Кеш соңында құрметті қонаққа қазақы дәстүрмен шапан жабылып, ерекше құрмет көрсетілді. Ұйымдастырушылар: Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті А.Қ. Исабеков, аға оқытушылар, з.ғ.м. Қ.Н. Әлихан және Е. Ондашұлы.