Цифрлық білім беру құралдары: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер
2026 жылғы 28 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің профессор-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинары өтті.
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары семинарға белсенді қатысып, оқу үдерісінде цифрлық платформаларды тиімді қолдану бойынша пайдалы тәжірибе мен жаңа білім алды.
Семинар барысында Univer және Moodle жүйелері, тест емтиханын әзірлеу, тест үлгілерін қалыптастыру, тестілеуді ұйымдастыру, сондай-ақ академиялық үдеріске қатысты ішкі нормативтік құжаттар таныстырылды.
Кафедра атынан семинар тренерлері – Мусинова Асель Ахметовна, Ботаева Асем Турисбековна, Алкожаева Айсулу Сейткеримовна, Кохан Кирил және Круговых Илья Игоревичке мазмұнды әрі пайдалы семинар үшін алғыс білдіреміз!
Басқа жаңалықтар