ҚХР адвокаттарға арналған білім беру курсының екінші аптасы басталды! — ҚазҰУ

ҚХР адвокаттарға арналған білім беру курсының екінші аптасы басталды!

29 қыркүйек 2026
ҚХР адвокаттарға арналған білім беру курсының екінші аптасы басталды!

Бүгін, 29 қыркүйекте, екінші оқу блогын з.ғ.д., профессор Ибраева Алуа Саламатқызы ашты.

Теориялық-құқықтық блок шеңберінде тыңдаушылар Қазақстанның құқықтық жүйесін, мемлекет және құқық теориясын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, цифрлық құқықтарды және жасанды интеллектті құқықтық реттеуді зерттейді.

Сол күні Заң факультетіне Чжэцзян провинциясының кәсіпкерлерге арналған халықаралық-құқықтық қызметтер орталығының делегациясы келді. Кездесу кәсіби диалог пен халықаралық құқықтық ынтымақтастықты дамыту алаңына айналды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру және кәсіби байланыстарды нығайтуды жалғастырамыз!