Киберқауіпсіздік және ЖИ бойынша қонақ лекциясы
30 қыркүйек 2026
2026 жылдың 30 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде БҰҰ-ның ТДМ 4, 16 және 17 аясында «Ақпараттық құқық және цифрландыру» пәні бойынша бітіруші курс студенттеріне арналған қонақ лекциясы өтті.
Ұйымдастырушы – з.ғ.д., доцент Н.Х. Калишева «Әділ құқық» ғылыми қауымдастығының қолдауымен.
Спикер – Стамбул коммерциялық университетінің профессоры Букет Абаноз Озтюрк, ол Түркиядағы киберқұқық бұзушылықтардың қазіргі түрлерін, олардан қорғану тәсілдерін және қылмыстық сот ісін жүргізуде ЖИ-ді қолданудың практикалық кейстерін ұсынды.
Қорытындысында студенттерге «Жасанды интеллект және қылмыстық құқық» атты практикалық нұсқаулықтар сыйға тартылды.
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026