Қарттар күні – құрмет пен қамқорлықтың белгісі — ҚазҰУ

Қарттар күні – құрмет пен қамқорлықтың белгісі

1 қазан 2026
Қарттар күні – құрмет пен қамқорлықтың белгісі

2026 жылғы 1 қазанда Қарттар күніне орай 208-топ студенттері аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтарын табыстады.

Іс-шара «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы, топ жетекшісі Базартаева Е.Б. жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Студенттер қарияларға жылы тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бұл игі бастама үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидаларын дәріптеп, студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі мен адамгершілік құндылықтарын арттыруға бағытталды. Қарияларға құрмет көрсету – олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін бағалаудың жарқын үлгісі!