ҚХР адвокаттарға арналған курс жалғасуда! — ҚазҰУ

ҚХР адвокаттарға арналған курс жалғасуда!

1 қазан 2026
ҚХР адвокаттарға арналған курс жалғасуда!

Қытай Халық Республикасының адвокаттарға арналған біліктілікті арттыру курсы шеңберінде Теориялық-құқықтық блок жалғасуда.

Сабақтарды мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ибраева Алуа Саламатқызы жүргізуде.

Блок шеңберінде Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі, мемлекет және құқық теориясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, ақпараттық құқық, цифрлық құқықтар, ақпараттық қауіпсіздік және жасанды интеллектті құқықтық реттеу қарастырылады.

Оқыту теориялық сабақтарды, құқықтық кейстерді талдауды, нормативтік құқықтық актілермен жұмысты және салыстырмалы-құқықтық талдауды үйлестіреді.