Journal Club алғашқы отырысы: жасанды интеллекттен ғылыми жарияланымға дейін — ҚазҰУ

Journal Club алғашқы отырысы: жасанды интеллекттен ғылыми жарияланымға дейін

25 қыркүйек 2026
Journal Club алғашқы отырысы: жасанды интеллекттен ғылыми жарияланымға дейін

2026 жылғы 25 қыркүйекте әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университетінің Медицина жәнеденсаулық сақтау факультетінде Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының ұйымдастыруымен Journal Club алғашқы отырысы өтті.

Алғашқы кездесуге ғылыми зерттеулерге, академиялық жазуға және зерттеу нәтижелерінжариялауға қызығушылық танытқан бакалавриат студенттері, магистранттар мен докторанттарқатысты.

Journal Club спикері — Faina Y. Linkov, PhD, MPH, Duquesne University (Pittsburgh, USA) профессоры, Қазақстанға халықаралық Fulbrightбағдарламасы аясында келген ғалым. Профессор Фаина Линков эпидемиология, қоғамдық жәнежаһандық денсаулық сақтау, ғылыми зерттеулермен академиялық жарияланымдар саласында молтәжірибеге ие. Ол 100-ден астам ғылымижарияланымның авторы, Scopus деректерібойынша Хирш индексі (h-index) — 25.

Алғашқы кездесу — ғылымдағы жасандыинтеллект туралы

Journal Club алғашқы отырысы “From AI to Impact: How to Do, Evaluate, and Publish Health Research in the Age of AI?” тақырыбындағыдәріспен басталды.

Қатысушылар қазіргі ғылымдағы ең өзектітақырыптардың бірін — жасанды интеллектініденсаулық сақтауда, ғылыми зерттеулерде жәнеакадемиялық жарияланымдарды дайындаудақалай тиімді қолдануға болатынын талқылады.

Кездесуде ерекше назар аударылған негізгіқағидалардың бірі: AI зерттеушінің көмекшісіболуы тиіс, бірақ зерттеушінің өзіналмастырмауы керек. Жасанды интеллект үлкенкөлемдегі ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды құрылымдауға, академиялықағылшын тілін жетілдіруге, қолжазбаныдайындауға және сәйкес ғылыми журналды іздеугекөмектесе алады. Алайда ғылыми сұрақты дұрыстұжырымдау, сыни ойлау, этикалық шешімдерқабылдау және зерттеу нәтижелерін түпкіліктіинтерпретациялау зерттеушінің жауапкершілігіндеқалады.

Сапалы ғылыми журналды жыртқышжурналдан (predatory journal) қалай ажыратуғаболады? деген мәселе қатысушылар арасындаерекше қызығушылық тудырды. Кездесубарысында кепілдендірілген немесе өте жылдамжариялауға уәде беру, толыққанды peer review үдерісінің болмауы, күмәнді метрикалар, жарияланым төлемдерінің ашық көрсетілмеуі жәнежурналдың индекстелуі туралы жалған ақпаратберу сияқты негізгі «қызыл жалаушалар» талқыланды.

Бұл жай ғана дәріс емес — өз зерттеуіңменжұмыс істейтін орта

Journal Club-тың басты ерекшелігі — оныңпрактикалық бағыттылығы. Бұл дәстүрлідәрістер циклі ғана емес, қатысушылар өздерініңзерттеу сұрақтарымен, деректерімен, идеяларыменжәне басталған ғылыми қолжазбаларымен келіп, олармен тікелей жұмыс істей алатын алаң.

Алдағы кездесулерде ғылыми сұрақты тұжырымдаужәне зерттеу дизайнын әзірлеу, ғылымиәдебиеттерді іздеу және research gap анықтау, академиялық жазу, Introduction, Methods, Results және Discussion бөлімдерін дайындау, сәйкесғылыми журналды таңдау, авторлық жәнежарияланым этикасы, сондай-ақ рецензенттердіңескертулеріне жауап дайындау мәселелерікезең-кезеңімен қарастырылады. Сонымен қатарзерттеу мен ғылыми жарияланымның әртүрлікезеңдерінде AI құралдарын сауатты жәнеэтикалық тұрғыдан қолдануға ерекше назараударылады.

Journal Club форматы қатысушылардың белсендіжұмысын көздейді. Профессор кездесулерге өззерттеу сұрақтарымен, ғылымиматериалдарымен және ноутбуктерімен келудіұсынады. Кездесу уақытының бір бөлігіталқылауға, ал екінші бөлігі ғылыми мәтіндерментікелей жұмыс істеуге арналады.

Алғашқы отырыс Journal Club апталықкездесулер сериясының бастамасы болды. Біззаманауи ғылым туралы көбірек біліп қана қоймай, өзінің зерттеу идеясын сапалы ғылымижұмысқа айналдырып, research question-нанжарияланымға дейінгі жолдан өткісі келетінбакалавриат студенттерін, магистранттарды, докторанттарды және жас зерттеушілерді келесікездесулерге қатысуға шақырамыз.

Егер сізде зерттеу тақырыбы немесе басталғанқолжазба болса, оны аяқтауда қиындықтартуындаса, журналды дұрыс таңдау бойыншасұрақтарыңыз болса немесе ғылыми мақала жазудыүйренгіңіз келсе — Journal Club-тың келесікездесулеріне қосылыңыз. Мүмкін, дәл осыжерде сіздің зерттеу идеяңыз ғылымижарияланымға қарай келесі маңызды қадамынжасар!

Ұйымдастырушы:
Эпидемиология, биостатистика және дәлелдімедицина кафедрасы

Journal Club ұйымдастыруға жауапты:
Эпидемиология, биостатистика және дәлелдімедицина кафедрасының профессор м.а., PhD Раушанова Айжан Мұратқызы

Journal Club жалғасады — келесі кездесулергеқосылыңыз!