- Басты бет
- Жаңалықтар
- Құрметті әріптестер! Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы магистранттарды, докторанттарды, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамды Faina Y. Linkov, PhD, MPH (Duquesne University, Pittsburgh, USA) профессорымен бірге өтетін апта сайынғы Journal Club-қа қатысуға шақырады.
Құрметті әріптестер! Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы магистранттарды, докторанттарды, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамды Faina Y. Linkov, PhD, MPH (Duquesne University, Pittsburgh, USA) профессорымен бірге өтетін апта сайынғы Journal Club-қа қатысуға шақырады.
Эпидемиология, биостатистика және дәлелдімедицина кафедрасы магистранттарды, докторанттарды, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамды Faina Y. Linkov, PhD, MPH (Duquesne University, Pittsburgh, USA) профессорымен бірге өтетін апта сайынғыJournal Club-қа қатысуға шақырады.
Профессор Фаина Линькова Қазақстанғахалықаралық Fulbright бағдарламасы аясындакелді. Ол эпидемиология және қоғамдық денсаулықсақтау саласының маманы, 100-ден астам ғылымижарияланымның авторы, Scopus деректерібойынша h-index – 25. Ғылыми жетекшілік, академиялық жазылым және халықаралықжурналдарда ғылыми зерттеулерді жариялаубойынша көпжылдық тәжірибесі бар.
Алғашқы кездесу:
Күні: 25 қыркүйек (жұма)
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: Мәжіліс залы
Өткізу тілі: ағылшын/орыс
Бұдан әрі Journal Club апта сайын өткізіледі, әркездесудің ұзақтығы – 2 сағат.
Кездесулер барысында профессор Фаина Линькова ғылыми-зерттеу және жарияланымдық жұмыстыңнегізгі кезеңдерін жүйелі түрде қарастырады: зерттеу әдіснамасы, сапалық, сандық және араласәдістер, зерттеу сұрағын тұжырымдау, зерттеудизайны және деректер жинау, мақаланың IMRaDқұрылымы, академиялық жазылым, әдебиеткешолу, research proposal дайындау, peer reviewүдерісі, рецензенттердің ескертулеріне жауап беру, сондай-ақ зерттеу және жарияланым этикасымәселелері.
Journal Club-тың басты ерекшелігі – өз ғылымимақалаларыңызбен практикалық жұмыс жасау.
Кездесуге басталып қойғанқолжазбаларыңызбен, дайындалудың әртүрлікезеңіндегі мақалаларыңызбен немесе жұмыстыжалғастыруға кедергі келтіретін нақтымәселелеріңізбен келуді ерекше ұсынамыз. Егер зерттеудің мақсатын немесе зерттеу сұрағын дұрыстұжырымдауда, Methods немесе Discussionбөлімдерін құрастыруда, нәтижелерді ұсынуда, рецензенттердің ескертулеріне жауап беруде, жұмыстың әрі қарайғы бағытын таңдаудақиындықтар туындаса немесе мақаланың белгілібір кезеңінде «тоқтап қалсаңыз», бұл мәселелердікездесулер барысында профессормен біргетікелей талқылауға мүмкіндік болады.
Осылайша, Journal Club тек теориялық курс қанаемес, сонымен қатар қатысушылар өзқолжазбаларын кезең-кезеңімен жетілдіріп, ғылыми мақаланы идеядан бастап жариялауғадейінгі бүкіл дайындау үдерісін тереңірек түсінеалатын практикалық жұмыс алаңы болады.
Оқудың аяқталу кезеңіндегі докторанттардыерекше шақырамыз, өйткені олар үшін ғылымимақалаларды дайындау және жариялау басым міндеттердің бірі болып табылады. Бұл – бар қиындықтарды талқылауға, кәсіби кері байланысалуға және басталған жұмысты алға жылжытуғамүмкіндік.
Сонымен қатар ғылыми мақалалармен жұмысістейтін, жарияланым дайындауды жоспарлапжүрген немесе академиялық жазылым мен ғылымизерттеу жүргізу дағдыларын жетілдіргісі келетінмагистранттар мен профессорлық-оқытушылық құрамды шақырамыз.
Ұйымдастырушы:
Эпидемиология, биостатистика және дәлелдімедицина кафедрасы
Раушанова Айжан Муратовна – 87077060018
Сіздерді 25 қыркүйек күні сағат 14:00-де 6-аудиторияда күтеміз!
Басқа жаңалықтар