БІЛІМ БЕРУДЕГІ АРТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАҒЫТЫМЕН ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ — ҚазҰУ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ АРТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАҒЫТЫМЕН ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

25 қыркүйек 2026
БІЛІМ БЕРУДЕГІ АРТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАҒЫТЫМЕН ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к. А. Альчимбаева «Білім берудегі арт-технологиялар» пәні бойынша ағымды жылдың 25 қыркүйек күні дәріс және практикалық сабақ өткізді. Оқу бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес «Арт-терапия психологиялық-педагогикалық технология ретінде», «Мектеп жасындағы балалардағы арт-терапияның өзектілігі», «Бастауыш және орта мектеп оқушыларына арналған арт-терапия бағдарламалары» тақырыптарына әр студент брифинг қорғау ұсынды. 

Сабақ типі: білік пен дағдыны қалыптастыру және бекіту. Брифинг қорғау материалына арт-терапия бағдарламалары туралы қысқаша ақпарат беру және практикалық элементтерін ұсыну кіріктірілді. Оқытушы арт-терапияның түрлеріне тоқталды және  сурет терапиясы, құм терапиясы, драма, ертегі терапиялары қорынан мысалдар келтіріп, топқа әдістемелік жаттығулар өткізді. 

Практикалық жұмысқа түрлі түсті қарындаш, краска, құм тақтайшасы және т.б пайдаланды.

Сабақ барысында арт-терапияның нақты бағыттары: арт-диагностика (Бейсаналы түрдегі қорқыныштар мен блоктарды анықтау), түстер терапиясы (Күйзеліс пен шаршауды басып, энергияны қалпына келтіру), релаксация (Шығармашылық процесс арқылы ішкі тыныштыққа қол жеткізу) бойынша толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, отандық және шетелдік озық тәжірибелер порталы негізінде іргелі әдістемелер қатарын көрсетті. 

Оқытушының тәжірибелік нұсқауымен нейрографика, құм терапиясы, мүсіндеу, мандала техникалары мысалында практикалық жұмыс іске асты.

Теориялық білімді бекіту мақсатында білім алушыларға ойын және сенсорлық интеграция әдістемесі қорынан бірқатар практикалық амалдар қолданылды. 

Нәтижесінде, семинар сабағында қолданған озық ресурстар болашақ педагог-психолог маманының кәсіби қызметіне тиімді әдістемелермен толықты және тақырып бойынша  маңызын тәжірибе жүзінде меңгерді.