Алғашқы қадам - университет тарихымен танысудан басталады
5 қыркүйек 2026
ҚазҰУ Тарих музейінде университеттің бірінші курс студенттеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында студенттер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен, жетістіктерімен және білім беру саласындағы маңызды рөлімен танысты. Сонымен қатар университеттің негізгі миссиясы, құндылықтары мен мақсаты, ғылымды дамытуға, сапалы білім беруге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға қосатын үлесі туралы ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер студенттердің университет өміріне бейімделуіне, оқу орнының тарихы мен дәстүрлерін тереңірек түсінуіне және ҚазҰУ-дың үлкен академиялық қауымдастығының бір бөлігі екенін сезінуіне мүмкіндік береді.
