Малайзия Елшісінің ҚазҰУ Тарих музейіне келуі
8 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих музейіне Малайзияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Адли бин Абдуллах келді.
Кездесу барысында мәртебелі мейман университеттің тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және халықаралық байланыстарымен танысты. Сондай-ақ Қазақстан мен Малайзия арасындағы білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, университеттер арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Қазақстан мен Малайзия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 16 наурызда орнатылды. ҚазҰУ-дың халықаралық ынтымақтастық бағыттары екі ел арасындағы білім және ғылым салаларындағы байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.