Қытай делегациясының ҚазҰУ Тарих музейіне келуі — ҚазҰУ

Қытай делегациясының ҚазҰУ Тарих музейіне келуі

25 қыркүйек 2026
Қытай делегациясының ҚазҰУ Тарих музейіне келуі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих музейіне ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қытай делегациясы келді.

Кездесу барысында қонақтар университеттің тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және инновациялық даму бағыттарымен танысты. Делегация мүшелері Farabi Hub орталығының қызметіне, заманауи ғылыми зертханаларға және робототехника саласындағы әзірлемелерге ерекше қызығушылық танытты.

Бұл кездесу ғылым мен технология салаларындағы тәжірибе алмасуға, инновациялық жобаларды дамытуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.