Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың метеорология және гидрология кафедрасы Өзбекстандағы халықаралық семинарды ұйымдастырушылардың бірі болды — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың метеорология және гидрология кафедрасы Өзбекстандағы халықаралық семинарды ұйымдастырушылардың бірі болды

10 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың метеорология және гидрология кафедрасы Өзбекстандағы халықаралық семинарды ұйымдастырушылардың бірі болды

2026 жылғы 8–9 қазанда Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында COPERT моделін пайдалана отырып, автокөлік құралдарынан бөлінетін парниктік газдар мен ластаушы заттар шығарындыларын бағалау саласындағы Өзбекстан Республикасының ұлттық сарапшыларының әлеуетін арттыруға арналған практикалық семинар өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасы аталған іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі болды. Семинарға ҚазҰУ атынан кафедра өкілі, профессор А.В. Чередниченко қатысты. Семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың метеорология және гидрология кафедрасының, Орталық Азия экологиялық және климаттық зерттеулер университетінің (Green University) экология және мемлекеттік басқару кафедрасының, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитетінің қатысуымен ұйымдастырылды. Екі күндік іс-шара барысында қатысушылар COPERT бағдарламасын қолданудың практикалық және әдіснамалық аспектілерін, сондай-ақ осы құралды парниктік газдар шығарындыларын түгендеудің ұлттық жүйесіне және Өзбекстан Республикасының парниктік газдар жөніндегі ұлттық баяндамасын дайындау үдерісіне енгізу перспективаларын қарастырды.

Семинар жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Ведомствоаралық және пәнаралық ынтымақтастық шығарындыларды бағалау мәселелерін ғылыми, практикалық және басқарушылық тұрғыдан жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді.

Семинардың бірінші күні қатысушылар ластаушы заттар мен парниктік газдар шығарындыларын бағалауда қолданылатын EMEP/EEA әдіснамасының негіздерімен, сондай-ақ COPERT бағдарламасында жұмыс істеуге қажетті бастапқы деректерді дайындау қағидаларымен танысты.

Екінші күні бағдарламаның жедел интерфейсін практикалық тұрғыдан меңгеруге және есептеулерді баптаудың кеңейтілген мүмкіндіктерін ұсынатын толық интерфейсті зерттеуге басымдық берілді. Есептеулер кезінде ұлттық ерекшеліктер мен автокөлік паркінің құрылымын ескеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға үлес қосты. Ең алдымен, ол 13-мақсатпен-«Климаттың өзгеруімен күрес» тығыз байланысты, өйткені шығарындыларды бағалау әдістерін жетілдіру климаттық есептіліктің сапасын арттыруға және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі тиімді шараларды әзірлеуге ықпал етеді. Сонымен қатар, семинар 11-мақсатқа -«Тұрақты қалалар мен елді мекендерге» сәйкес келеді, себебі автокөліктің атмосфералық ауа сапасына теріс әсерін төмендетуге бағытталған шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ал 17-мақсат-«Тұрақты даму жолындағы әріптестік» университеттер, мемлекеттік органдар және ғылыми ұйымдар арасындағы халықаралық ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың семинарды ұйымдастыруға қатысуы университеттің халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және білікті мамандар даярлауға қосқан үлесін көрсетеді. Мұндай бастамалар атмосфераға антропогендік әсерді бағалаудың ғылыми негізделген тәсілдерін енгізуге және Орталық Азияда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.