Тұрақты даму мақсаты 16: бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар аясында Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – жастар қауіпсіздігінің маңызды бағыты талқыланды — ҚазҰУ

Тұрақты даму мақсаты 16: бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар аясында Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – жастар қауіпсіздігінің маңызды бағыты талқыланды

9 қазан 2026
Тұрақты даму мақсаты 16: бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар аясында  Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – жастар қауіпсіздігінің маңызды бағыты талқыланды

 

2026 жылғы 9 қазанда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері арасында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Саналы ұрпақ – салауатты қоғам» атты профилактикалық форум өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру, студенттер арасында құқық бұзушылықтардың, есірткіге қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің, сыбайлас жемқорлықтың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жастарды радикалды идеологиялардың ықпалына түсу қаупі туралы ақпараттандыру.

 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы қатысып, студенттерге «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Сарапшының қатысуы жастар арасында діни сауаттылықты арттыруға, қазіргі қоғамдағы діни үдерістерді ғылыми тұрғыдан түсіндіруге және экстремистік идеологиялардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызын айқындады. Өз баяндамасында Қаңтарбаева Ж.У. діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесін қазіргі қоғамдағы қауіпсіздік, діннің қоғамдық өмірдегі орны, діни көзқарастардың қалыптасуы, діни ақпаратты қабылдау ерекшеліктері және интернет кеңістігіндегі ақпараттық ықпал мәселелері профилактикалық жұмыстың маңызды бағыттары ретінде қарастырылды. Лектор жастардың діни мазмұндағы ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуі, ақпарат көздерінің сенімділігін тексеруі және күмәнді мәліметтерге бірден сенбеуі қажеттігін атап өтті. Қазіргі цифрлық ортада әлеуметтік желілер мен түрлі интернет-платформалар ақпарат алмасудың негізгі кеңістіктеріне айналғандықтан, жастардың ақпараттық сауаттылығын дамыту ерекше мәнге ие. Діни тақырыптағы материалдарды бағалау кезінде олардың мазмұнына, авторына, мақсатына және қоғамдық келісім мен заң талаптарына сәйкестігіне назар аудару маңызды.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының 16-Тұрақты даму мақсаты – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағытымен сабақтасады. 

Қаңтарбаева Ж.У. қатысқан форум діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесін құқық үстемдігі, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық тұрғысынан талқылауға мүмкіндік берді. Діни сауаттылықты арттыру, радикалды идеологиялардың ықпалы туралы ақпараттандыру және жастардың құқықтық мәдениетін дамыту – бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған өзара байланысты міндеттер.16-Тұрақты даму мақсаты аясында мұндай кездесулердің маңызы жастардың заңға құрметпен қарауын қалыптастырумен ғана шектелмейді. Олар студенттердің өзара сыйластық, жауапкершілік, толеранттылық және қоғамдық келісім құндылықтарын түсінуіне де ықпал етеді. Қоғамдағы әртүрлі көзқарастарға құрметпен қарау, мәселелерді заң аясында шешу және сындарлы диалог жүргізу мәдениеті бейбіт әрі қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастырудың маңызды шарттары болып табылады.

Аталған форумға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызының қатысуы университеттің ғылыми-сарапшылық әлеуетін танытуға және оның қоғамдық маңызы бар ағартушылық қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен тәжірибе алмасу жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды дамытуға ықпал етеді.