ҚазҰУ-да бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті
2026 жылғы 2 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты кеш өтті. Университеттің білім ордасындағы маңызды іс-шарасы жаңа буын студенттерінің студенттік өмірге қадам басуын айқындап, олардың университет қауымдастығының толыққанды мүшесі атануына арналды.
Студенттер қатарына қабылдау – әрбір жас үшін өміріндегі ерекше кезеңдердің бірі. Бұл – жаңа білім мен тың мүмкіндіктерге жол ашатын, кәсіби қалыптасу мен тұлғалық дамудың бастауына айналатын маңызды белес. Университет табалдырығын алғаш аттаған жастар үшін бұл күн жаңа достықтың, шығармашылық ізденістің және үлкен мақсаттарға бастайтын жолдың бастауы болды.
Мерекелік кеш барысында қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Іс-шара жастардың шығармашылық әлеуетін танытуға, өзара жақындасуына және университеттің бай дәстүрлерімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді. Салтанатты шара студенттерге ұмытылмас әсер сыйлап, алдағы оқу жылдарына деген ынтасын арттыра түсті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымды, мәдениет пен жаңашылдықты тоғыстырған, білікті мамандар мен болашақ көшбасшыларды даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. ҚазҰУ қабырғасында студенттер сапалы білім алумен қатар, ғылыми зерттеулерге қатысуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоғамдық өмірге белсенді араласуға және халықаралық академиялық мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады.
Университеттің студенттік өмірі – жаңа идеялар, ізденістер, достық пен жарқын жетістіктерге толы ерекше кезең. Осы жолда әрбір студенттің талпынысы мен табандылығы оның болашақтағы кәсіби және тұлғалық қалыптасуына негіз болады.
Бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау кеші жастар үшін жаңа бастамаларға жол ашып, университет өміріндегі жарқын естеліктердің біріне айналды.
ҚазҰУ-дың жаңа студенттеріне білім жолында табыс, ізденісте шабыт, алға қойған мақсаттарына жетуде табандылық тілейміз! Студенттік жылдарыңыз жаңа мүмкіндіктерге, жарқын жетістіктерге және ұмытылмас сәттерге толы болсын!
Әлеуметтік-тәрбие жөніндегі деканның орынбасары Басыгараев Жандос Махабатович
Басқа жаңалықтар