Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру — ҚазҰУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

14 қазан 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

2026 жылғы 14 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өткізілді. Іс-шараға «6В05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінде оқитын 1-курс студенттері қатысты. Кездесуді топ эдвайзері Н. Мұратқызы ұйымдастырды.

Студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың мәні, себептері мен қоғамға тигізетін кері әсері талқыланды. Адалдық, әділдік және заң талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін түсінді. Кураторлық сағат қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және оған төзбеушілік таныту қажеттілігі атап өтілді.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы