«Конституция және жастар» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті — ҚазҰУ

«Конституция және жастар» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті

1 қазан 2026
«Конституция және жастар» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті

ММ-23-6 тобының білім алушылары «Конституция және жастар» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараға топ кураторы Буканай Н.Ұ. жетекшілік етті.

Кураторлық сағаттың мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру және жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Іс-шара барысында Конституцияның негізгі қағидалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі талқыланды. Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікір алмасты.

Ашық кураторлық сағат жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, отансүйгіштік сезімін нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталды.

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» және №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағыттарының жүзеге асырылуына ықпал етеді.

ММ-23-6 тобының кураторы: Буканай Н.Ұ.  
Математика кафедрасының аға кураторы: Аузерхан Г.