Математика кафедрасының докторанты Қытайда ғылыми тағылымдамадан өтті
2026 жылғы 28 тамыз бен 27 қыркүйек аралығында Математика кафедрасының 3-курс докторанты Тастанқұл Р.А. Қытай Халық Республикасының Харбин қаласындағы Harbin Institute of Technology (HIT) жанындағы Institute for Advanced Study in Mathematics институтында докторантура бағдарламасы аясындағы ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында докторант диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстар жүргізіп, институттың негізгі зерттеу бағыттарымен және заманауи ғылыми тәсілдермен танысты. Сонымен қатар шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасып, зерттеу жұмысын жетілдіруге қажетті кәсіби білім жинақтады.
Халықаралық ғылыми тағылымдама докторанттың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, диссертациялық жұмысының ғылыми-әдістемелік негіздерін нығайтуға және халықаралық академиялық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.
Аталған ғылыми тағылымдама Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім», №9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» және №17 «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» бағыттарының жүзеге асырылуына ықпал етеді.
Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.
Математика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.
Басқа жаңалықтар