- Басты бет
- Жаңалықтар
- Математика кафедрасының докторанты Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті
Математика кафедрасының докторанты Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті
2026 жылғы 1 шілде мен 28 қыркүйек аралығында Механика-математика факультеті Математика кафедрасының 8D05401 – «Математика» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Юань Бэйбэй М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Көктемгі қабылдау бойынша білім алып жатқан докторант ғылыми тағылымдамасын Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінде жүргізді. Тағылымдама барысында ол диссертациялық зерттеу бағыты бойынша ғылыми жұмыс жүргізіп, университеттің зерттеу ортасымен және заманауи ғылыми әдістерімен танысты.
Шетелдік ғылыми тағылымдама докторанттың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, диссертациялық жұмысының ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіруге, кәсіби тәжірибе жинақтауға және халықаралық академиялық байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Аталған ғылыми тағылымдама Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім», №9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» және №17 «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» бағыттарының жүзеге асырылуына ықпал етеді.

Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.
Математика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.
Басқа жаңалықтар