- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрме ашылды
ҚазҰУ-да «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрме ашылды
Бүгін, 2026 жылғы 16 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде айтулы мәдени іс-шара өтті
Салтанатты іс-шараға Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, ҚазҰУ басшылығы, тарих факультетінің деканы бастаған оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты
Көрменің басты мақсаты — адамзат өркениетінің көне ошақтарының бірі болған Иран елінің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген 29 материалдық тарихи мұра нысанын деректі фотосуреттер арқылы көпшілік назарына ұсыну
Көрме ҚазҰУ-дың Бас ғимаратындағы университет музейінде 2026 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады
#ҚазҰУ #ТарихФакультеті #ЮНЕСКО #Иран #Көрме #KazNU #Фотокөрме
Басқа жаңалықтар