- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінде жер сілкінісіне дайындық бойынша ашық сабақ өтті
География және табиғатты пайдалану факультетінде жер сілкінісіне дайындық бойынша ашық сабақ өтті
2026 жылғы 16 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «Жер сілкінісіне дайындық. Дабыл сөмкесі: қажетті заттар және олардың қызметі» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Іс-шараны «Құтқарушылар» ғылыми-зерттеу және практикалық үйірмесінің жетекшісі Сүтемген Жадыра Төкенқызы ұйымдастырып, өткізді. Сабаққа «Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 2-курс студенттері – үйірме мүшелері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін тереңдету, төтенше жағдайларға дайындық дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін арттыру.

Сабақ барысында студенттер жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін талқылап, дабыл сөмкесіне қажетті заттармен, олардың қызметімен және төтенше жағдай кезіндегі маңызымен танысты. Сонымен қатар алдын ала дайындаған тақырыптық материалдарын ұсынып, өз білімдерін ортаға салды.
.jpeg)
.jpeg)
Ашық сабақ «Құтқарушылар» ғылыми-зерттеу және практикалық үйірмесінің қызметі аясында студенттердің төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға, кәсіби құзыреттерін дамытуға және қауіпсіз өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.