Қазіргі қаржы саласындағы математика және жасанды интеллект — ҚазҰУ

Қазіргі қаржы саласындағы математика және жасанды интеллект

15 қазан 2026
Қазіргі қаржы саласындағы математика және жасанды интеллект

2026 жылғы 15 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде «Quantitative Finance» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді. Дәрісті сандық қаржы, қаржылық деректерді талдау және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Андрей Злотник жүргізді.
Дәріс барысында қаржылық уақыттық қатарларды болжау, алгоритмдік трейдинг, активтерді басқару және тәуекелдерді басқаруда заманауи математикалық әдістерді қолдану мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, волатильділік, асимметриялы волатильдік, «қалың құйрықты» үлестірімдер, экстремалды мәндер, VaR және Expected Shortfall, копула-функциялар, GARCH модельдері, машиналық оқыту және жасанды интеллект әдістері талқыланды.
Дәріс Есептеу ғылымдары және статистика білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне өткізілді. Дәріс студенттердің статистика, деректерді талдау, машиналық оқыту және қаржылық модельдеу бағыттарындағы теориялық білімдерін заманауи практикалық мәселелермен байланыстыруға мүмкіндік берді.

 

Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы