🌿 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік сенбілік өтті — ҚазҰУ

🌿 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік сенбілік өтті

17 қазан 2026
🌿 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік сенбілік өтті

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университет аумағын абаттандыру, тазалықты сақтау және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жалпыуниверситеттік сенбілік өтті.

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Б. А. Шопабаев 1-курс студенттерімен бірге сенбілікке белсенді қатысып, университет аумағын абаттандыруға, тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты.

Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және ортақ кеңістік үшін жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, осындай іс-шаралар оқытушылар мен студенттер арасындағы байланысты нығайтып, университет қауымдастығын ортақ мақсаттарға біріктіреді.

Университеттің тазалығы мен жайлылығы әрқайсымыздың жеке үлесімізден басталады. Бірге білім алуға, еңбек етуге және қарым-қатынас жасауға қолайлы орта қалыптастырайық! 🌱